Алматыда мүгедекті мәжбүрлеу: Оқиға куәгері өзіне қысым жасалғанын хабарлады

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Оның арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша іс қозғалған.

2025 жылы Алматы қаласында ІІ топ мүгедегі Данияр Қойбағаровты белгісіз біреулердің психиатриялық сараптама орталығына мәжбүрлеп апармақ болған оқиғасы жалғасын тапты. Енді оқиғаға куәгер болып, мүгедекке жақтасқан Алматының 26 жастағы тұрғынының өзіне жала жабылып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.  

Бұл туралы хабарлаған адвокат Аина Валиханованың айтуынша, куәгер (тергеу жұмыстарына байланысты есімі жария етілмейді) ІІ топ мүгедегі Данияр Қойбағаровты психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп апармақ болған әрекетке қарсы шыққан. Алайда, полиция қызметкерлеріне ешқандай күш қолданбаған және тек оқиғаны видеоға түсірген. Мұны оқиға орнында түсірілген өзге видеодан анық көруге болады. 

"Оқиға барысында куәгерлерден бөлек, журналистер де болды. Видеосы да бар. Соған қарамастан, куәгерге қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша іс қозғалып, ол бойынша Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері "жәбірленуші" деп танылған. Менің қорғауымдағы куәгер өзін қамап ұстаған полиция қызметкерлері өзге әріптестерінен тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлегенін айады", – деді адвокат Аина Валиханова.

Оның сөзінше, куәгердің арызы негізінде полиция қызметкерлеріне қатысты ҚК 146-бабы (азаптау) бойынша іс қозғалған. Бұл іс бойынша куәгер қыз жәбірленуші ретінде танылған.

Аина Валиханова бұл ретте құзырлы органдардан нақты жауап ала алмай отырғанын айтты. 

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды

Еске салайық, 2025 жылы қыркүйекте Алматыда ІІ топ мүгедегі Данияр Қойбағаровты қарағандылық полиция қызметкерлері психиатриялық сараптама орталығына мәжбүрлеп апармақ болғаны туралы оның адвокаты Алма Мусина хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, үстіне спорттық киім киген беймәлім адамдар Данияр Қойбағаровты мәжбүрлеу әрекетіне кіріскен. Олар өздерін "Қарағанды облысынан келген тергеушілерміз" деп таныстырғанымен, ешқандай құжат көрсетпеген. Тек іске куәгерлер мен заңгерлер араласып, полиция шақырғаннан кейін ғана беймәлім адамдар қызметтік куәлігін көрсетіп, Қарағанды облысының полиция тергеушілері екенін айтқан.

Кейін бұл мәселе бойынша Информбюро порталының сұрағына Қарағанды облысы Полиция департаменті жауап берді. Бұл жауаптан полицияның жедел-тергеу тобы Алматыға қылмыстық іс шеңберінде процессуалдық әрекеттерді жүргізу үшін барғаны белгілі болды. 

"Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде процессуалдық әрекеттерді жүргізу үшін Қарағанды облысы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы Алматы қаласына жіберілді. 10 қыркүйекте қылмыс жасады деген күдікке ілінген адам қылмыстық қудалау органы қаулысының негізінде Алматы қаласындағы Сот сараптамалары институтына жеткізіліп, кейін келу туралы міндеттеме бойынша босатылды. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда", – делінген болатын Қарағанды полиция департаменті баспасөз қызметінің жауабында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау