USD: 485.5 / 488.1
  • EUR: 553.0 / 558.0
  • RUB: 6.07 / 6.21
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Алматыда Кореяның мәдениетіне арналған фестиваль басталды

Фото: Кореяның Қазақстандағы мәдени орталығы
Фото: Кореяның Қазақстандағы мәдени орталығы
Биыл қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет "Корея – Орталық Азия" саммиті өтеді.

Алматыда "2026 Korea Kazakhstan Culture and Trade Week" мәдени-сауда фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараны Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі, Корей мәдени орталығы, Қазақстандағы корейлер қауымдастығы және Алматы қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Фестивальдің ашылу күні Республика сарайында екі мыңнан астам көрерменнің қатысуымен "Ариран: өткеннің жаңғырығы, бүгіннің үні" атты концерт ұйымдастырылды. Кеште Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының әртістері мен "Алматы Әуендері" шығармашылық бірлестігіне қарасты Асанәлі Әшімов атындағы театрдың өнерпаздары сахнаға шықты. Бірлескен концерт Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени үндестіктің жарқын үлгісі ретінде көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Фестиваль бағдарламасы бірнеше күнге жалғасады. Бүгін "K-POP Cover Dance Champion" байқауының финалы өтсе, 27 маусымда оңтүстіккореялық TIOT тобы мен қазақстандық Q-pop жанрындағы ALPHA тобының қатысуымен бірлескен концерт ұйымдастырылады.

Іс-шара аясында Корея Республикасының ауыл шаруашылығы, балық және азық-түлік өнімдерін сату корпорациясы, Корея туризм ұйымы, KOTRA, KOSME және LG Electronics Kazakhstan компаниясы арнайы көрме алаңдарын ұсынды. Келушілер корей тағамдарынан дәм татып, косметикамен, туристік бағыттармен және оңтүстіккореялық шағын және орта бизнес өнімдерімен танысуға мүмкіндік алды.

Фото: Кореяның Қазақстандағы мәдени орталығы

Фестиваль қарсаңында KOTRA бастамасымен "2026 CIS Franchise Roadshow" іскерлік кездесуі өтті. Оған Оңтүстік Кореяның қоғамдық тамақтану саласындағы сегіз компания қатысып, қазақстандық серіктестермен B2B форматындағы келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында корей брендтерінің ТМД нарығындағы даму перспективалары талқыланды.

Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Чжон Кихон фестивальдің екі ел арасындағы достық пен өзара сенімді нығайтуға, сондай-ақ мәдени және экономикалық байланыстарды дамытуға ықпал ететін маңызды алаң екенін атап өтті.

Оның айтуынша, 2027 жылы Қазақстандағы корейлердің қоныстанғанына 90 жыл толуы қарсаңында халықтарды байланыстыратын ортақ тарих пен мәдени жақындық екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге негіз болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз