Алматыда демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайда өтеді?

Фото Freepik.com
Фото Freepik.com
Жалпы тауар түрі 1 000 атаудан асады.

Алматыда демалыс күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысушылар саны 317-ге жетті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Өткен жылмен салыстырғанда Алматы мен Алматы облысының фермерлері мен тауар өндірушілері арасында сатушылар саны 7%-ға өсті.

Өсу жәрмеңкелер инфрақұрылымын жаңғыртумен байланысты: жаңа сауда сөрелері орнатылды, санитарлық жағдайлар жақсартылды, келушілердің қозғалысы үшін қолайлы маршруттар қалыптастырылды.

Жәрмеңкелерге апта сайын 45 000-нан астам адам қатысады. Сатылымда  жаңа сойылған мал еті, жұмыртқа, көкөністер, жемістер, ашытылған сүт өнімдері, шұжықтар, бал және басқа да тауарлар бар. Жалпы тауар түрі 1 000 атаудан асады.

Бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар шеңберінде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтық құннан 15-20%-ға төмен сатылады.

 Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін мына мекен-жайларда өтеді:

  • Алмалы ауданы - Масанчи көшесі (Әйтеке би көшесі мен Гоголь көшесі арасы);
  • Әуезов ауданы - Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
  • Бостандық ауданы - Қазақфильм ы/а. (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
  • Медеу ауданы - Меңдіқұлов бульвары-Бектұров көшесі.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз