Тікелей эфир

Арзан ет, сүт, бал және көкөністер: Астанада СҚО, ШҚО және Қарағанды облысының жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке 19-20 қазан күндері "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы жерде ұйымдастырылады.

19-20 қазан күндері Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары елордаға 1200 тоннадан астам өнім әкеледі, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімдігінің ақпаратынша: 

  • Солтүстік Қазақстан облысы елордаға 735 тоннадан астам өнімді әкеледі. Оның үштен бірі – картоп пен көкөністер. Сондай-ақ солтүстіктік фермерлер барлық түрдегі ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, ұн, шұжық және макарон өнімдерін әкеледі.
  • Шығыс Қазақстан облысы шамамен 70 тонна бал және 40 тоннаға жуық ауылшаруашылық жануарлары мен құс етін әкеледі.
  • Қарағанды облысының аграршылары 400 тоннаға жуық өнім ұсынады, оның жартысы – картоп пен көкөністер. Сондай-ақ барлық түрдегі ет, елордалық дүкендерде сұранысқа ие сүт өнімдері, балық және басқа да өнімдер бар. 

"Елорда тұрғындары мен қонақтары жәрмеңке барысында аталған өңірлерден келген әртістердің қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Жәрмеңке 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Қарқаралы тас жолындағы "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қамтамасыз етілді", – делінген Астана әкімдігінің ресми хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Отандық көлікті 2 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен қалай алуға болады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары