Алматыда 3 оқушы жарылыс туралы жалған хабар таратқан: ата-аналары жауапқа тартылды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Жалған хабарламалар қатаң жазаланады.

Алматыда қала мектептерінің бірінде үш оқушы сабақты тоқтату мақсатында жарылғыш құрылғы орнатылғаны туралы жалған хабар таратты, деп хабарлайды ҚР терроризмге қарсы күрес орталығы.

Орталықтың мәліметінше, хабарлама расталмады, қауіп-қатер анықталған жоқ. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жасөспірімдердің құқық бұзушылықты саналы түрде жасағаны анықталды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Терроризмге қарсы күресу орталығы мамандары ескертеді: "Мина қойылғаны немесе лаңкестік шабуыл қаупі туралы кез келген жалған хабарлау заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкеледі".

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз