"Алматы мектептерінде теракт дайындалып жатыр". Полиция мәлімдеме жасады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Алматыда білім беру ұйымдары күшейтілген бақылауға алынды.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы қаласындағы бірқатар мектепте террористік актілер дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады. Аталған мәліметке қатысты Алматы қаласы полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Полицияның хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фейк болып табылады. Қазіргі уақытта қаладағы барлық білім беру ұйымдарындағы жағдай толық бақылауда.

Құқық қорғау органдары мен жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шаралар қабылданған.

"Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Фейк хабарламаның авторы мен таралу көздері анықталып жатыр. Оған қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне — мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының мәлімдемелеріне ғана сенуге шақырады.

Сондай-ақ полиция балалардың қауіпсіздігіне қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату ауыр құқық бұзушылық саналатынын және заңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Азаматтардан тексерілмеген хабарламаларды таратпау және қайта жолдамауды сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз