Алматы тауларында құтқарушылар жас жігіттің мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың айтуынша, қайтыс болған адам 30 жаста болған. Оның неден қаза болғаны әзірге белгісіз, оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайды.
"Алматы-Алагир асуына жақын орналасқан Проходное шатқалында ер адамның денесі табылғаны туралы шақыру түсті. РЖҚЖ құтқарушылары Алматының құтқару қызметімен бірлесіп, 1994 жылы туған ер адамның денесін Жусалы-Кезен асуына тасымалдап, полиция қызметкерлеріне тапсырды", – делінген хабарламада.
USD:
460.3 / 463.1
EUR:
540.0 / 545.0
RUB:
5.95 / 6.07