USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 540.0 / 545.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Алматы облысының Қарасай ауданында төтенше жағдай жарияланды

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, карьердің солтүстік-батыс бөлігіндегі топырақ сырғыған.

Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты бүгін сағат 06:50 шамасында Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы "Ақсай карьері" ЖШС аумағында Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, карьердің солтүстік-батыс бөлігіндегі топырақ сырғығанын хабарлады.

"Оқиға орнына тиісті қызметтер жедел түрде жіберілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жақын маңдағы 9 жеке тұрғын үйдің тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандар аумақты тексеріп, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта инженерлік және қалпына келтіру жұмыстары кешенді түрде атқарылуда. Жұмысқа барлығы 19 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда", – делінген ресми хабарламада. 

Қалыптасқан жағдайға байланысты Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Бұл шешім қажетті жұмыстарды жедел жүргізіп, тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Алматы облысының қалған аудандарында жағдай тұрақты. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау