Алматы облысында екі АЭС салынады. Тағы біреуі БҚО-да бой көтеруі мүмкін

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Батыс Қазақстанда атом электр станциясы салынатын алаң анықталған жоқ.

Алматы облысында екі АЭС салынады. Бұл туралы атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Атом электр станциялары Жамбыл ауданында салынады.

Оның айтуынша, екеуі де Балқаш көлінің жағалауында бой көтереді. Абай облысындағы Курчатов қаласындағы алаң да атом электр станциясын салуға ықтимал аумақ ретінде қарастырылып жатыр. Бұған дейін атом электр станциясын салудың орындылығына егжей-тегжейлі бағалау жүргізілген болатын.

Бүгінде Батыс Қазақстанда атом электр станциясы салынатын алаң анықталған жоқ.

"Бірақ Каспий жағалауы шағын және орта қауаттылығы бар реакторлары бар атом электр станциясын салуға болатын жер ретінде қарастырылып жатыр. Жақын арада тиісті зерттеу жұмыстары атқарылады", – деді Алмасадам Сәтқалиев мәжілістегі брифингте.

Оның айтуынша, АЭС салынатын жер МАГАТЭ талаптарына сай болуы қажет. Атап айтқанда, сейсмикалық жағдай, қажетті судың бар-жоғы ескеріледі.

Серіктестер жаңалықтары