Алматы музейінде Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған "Тауларды аласартпай, даланы асқақтатқан…" атты көрме салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көрме Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Оны Алматы қаласы музейлер бірлестігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығымен бірлесіп өткізді.
Экспозиция келушілерді ақынның шығармашылық мұрасы мен қоғамдық қызметімен таныстырады. Көрмеге Олжас Сүлейменовтің жеке заттары, қолжазбалары, марапаттары, кітаптары, архивтік құжаттары мен сирек кездесетін фотосуреттері қойылған.
Олжас Сүлейменовке президент атынан құттықтау жеткізілді
Олжас Сүлейменов: Семей полигонын жабу – үкіметтің емес, халықтың шешімі