"Невада-Семей" антиядролық қозғалысы 1989 жылы 28 ақпанда Олжас Сүлейменовтің бастамасымен құрылды.
Қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай баспасөз конференциясын өткізіп, журналистерге антиядролық қозғалыстың қалай басталғанын айтып берді.
"1989 жылы сәуірде Семей облысының атынан Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайландым. Сайлаушылардың бір ғана аманаты болды, ол – Семей полигонын жабу және оны шешу басты міндетім еді. 500 депутаттың ішінде бір адам ғана екі жылдың ішінде сайлаушылардың тілегін орындады. Ол – Олжас Сүлейменов. Сынақты тоқтата алдық. Соңғы жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында болды. Сол жылы 18 жарылыстың жетеуі ғана өтті. Сонда біз 11-інің алдын алдық. 20 қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі КСРО үкіметі Семей полигонын жабу мәселесін қарастыру керек деген қаулы қабылдады", – деді Олжас Сүлейменов.
Қоғам қайраткері Қазақстанның қазіргі заманғы тарихында бұл күндер аталмайтынын, тек 1991 жылдың 29 тамызы бар екенін атап өтті.
"Екі жыл бойы үн-түнсіз тыныш жатқан полигон қаламның ұшымен қойылған бір қолмен ресми түрде жабылды. Ал бейресми түрде екі жыл бұрын жабылды. Өз жерін, өз өмірін қорғау жолында күрескен халықтың ұлы ерлігі жайлы, 2,5 млн адам мүше болған "Невада-Семей" қозғалысы жайлы үндемеймін. Бұл оқиғаның 1991 жылдың 29 тамызында аяқталғанын ғана ұмытпаймыз", – деді ол.
Олжас Сүлейменов атаулы күндерді балалар білуі керек екенін айтып, мектеп оқулықтарында 29 тамыз ғана емес, 1989 жылы болған оқиғалар да жазылуы керек деп есептейді:
"Сол кезде Қорғаныс министрі Язовтан бастап кеңес үкіметінің жартысы, ең белсенді бөлігі түрмеде отырды. Сондықтан елде ядролық қарулануға ешқандай бақылау болмады. Қысқа болса да демократия сәті түсті. Семей полигонын жабу туралы шешімді кім көтерді? Біздің үкімет те, КСРО үкіметі де емес. Мұны 1989 жылы 23 ақпанда қозғалысымыз құрылған Жазушылар одағы алдындағы митингке келген полигон маңындағы облыс тұрғындары көтерген еді. Митинг "Полигон жабылсын!" деген ұранмен өтті. Бұл үкіметтің емес, халықтың шешімі болды. Жүктелген міндет орындалды".
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☂️☀️Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
419
-
0
-
4
-
-
2🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
325
-
0
-
0
-
-
3⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
303
-
0
-
5
-
-
4🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
275
-
0
-
5
-
-
5✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
260
-
1
-
2
-
-
6👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
210
-
0
-
3
-
-
7Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
194
-
0
-
0
-
-
8🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
196
-
0
-
2
-
-
9⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
212
-
0
-
0
-
-
10😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
199
-
0
-
1
-