USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Олжас Сүлейменовке президент атынан құттықтау жеткізілді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орай кездесу өтті.

Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, Дархан Сатыбалды жазушыға әдебиет, мәдениет, қоғамдық ой-пікір мен антиядролық қозғалысты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін құрмет көрсетіп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Олжас Омарұлы қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, поэзияға жаңа көркемдік тыныс әкелді. Сонымен қатар оның бастамасымен құрылған "Невада-Семей" қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы әлемдік күрестің символына айналып, Семей полигонының жабылуына ықпал етті", - деп жазады Алматы әкімдігі.

Кездесу соңында қала басшысы абыз ақсақалға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз