USD: 462.9 / 465.5
  • EUR: 533.0 / 538.0
  • RUB: 5.31 / 5.43
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматы метросы қайта іске қосылды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Пойыздар қалыпты режимде жүріп жатыр.

Алматы метросы қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлады қала әкімдігі.

"Қазіргі уақытта электр жарығы берілді, метроның жұмысы қайта жанданды. Пойыздардың қозғалысы қалыпты режимде жүріп жатыр. Жолаушылардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз", – делінген хабарламада.

Сағат 15:11-де жарық өшіп қалғандықтан, метро жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Осы уақыт аралығында бекеттерге кіру және шығу жабылды.


Оқи отырыңыз: KEGOC электр жарығының толық қалпына келтірілгенін мәлімдеді 


Бүгін, 14 тамызда Алматыда және Қазақстанның басқа да қалаларында жарық жаппай өшіп қалды. KEGOC компаниясы сағат 14:37-де елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде технологиялық іркіліс болғанын хабарлады. Энергетика министрлігі сағат 17:37-де электрмен қамтамасыз ету толық қалпына келтірілгенін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау