KEGOC компаниясы электр энергиясының толықтай қайта берілгенін мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта KEGOC АҚ бағыты бойынша электрмен қамтамасыз ету толық қалпына келтірілді. Жергілікті электр желілері компаниялары тұтынушыларды біртіндеп қосып жатыр. Таяу арада жарық бәріне толық беріледі", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ компания өкілдері әлеуметтік желіде тараған "Өзбекстандағы жарықтың өшуіне Қазақстанның энергетика жүйесіндегі апат себеп болды" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын қоса айтты.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы блэкаут: Шымбұлақтағы аспалы жол жұмысын уақытша тоқтатты
Аталған жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында тұр.