Қазақстанда доллардың биржалық бағамы аздап арзандады.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 494,63 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,13 теңгеге төмен.
Қазақстан Ұлттық банкінің 6 ақпанға белгілеген ресми доллар бағамы – 495,1 теңге. Kurs.kz дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы әртүрлі деңгейде қалыптасып отыр.
- Алматы қаласында доллардың орташа сатып алу бағамы – 494,81 теңге, сату бағамы – 497,37 теңге.
- Астанада айырбастау пунктері долларды 493,97 теңгеден сатып алып, 500,97 теңгеден сатып жатыр.
- Ал Шымкент қаласында АҚШ валютасы 495,58 теңгеден сатып алынып, 497,63 теңгеден сатылып жатыр.
USD:
461.7 / 464.5
EUR:
542.0 / 547.0
RUB:
6.01 / 6.13