Үкімет басшысының айтуынша, жыл сайынғы жүйелі жұмыста ешқандай іркілістер мен кемшіліктер болмауы тиіс еді.
Өткен қыс мезгілі жылу энергетикасындағы көптеген проблемалардың бетін ашып берді. Мұның барлығы – әкімдіктердің көп жылдар бойы жылыту маусымына немқұрайды қарап келгендігінің салдары, деді премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында.
"Екібастұз, Рудный және Риддер қалаларында жағдай өте күрделі болды. Ондағы мәселелерді күні-түні бақылауға алып, шұғыл түрде шешуге тура келді. Үкіметтік комиссия құрылып, жергілікті жерге барып, жұмыс істеген жағдайлар да болды. Аталған мәселелер Үкіметте бірнеше рет қаралды. Барлық әкімдіктер бұдан қорытынды шығарып, мұндай жағдайға енді қайтіп жол бермеу үшін сапалы жұмыс істеу керек", – деді Әлихан Смайылов.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Кәсіпкерлік бастаманың жолын кесіп, тежейтіндер – көбінесе әкімдер
Үкімет басшысы өткен жылыту маусымында авариялардың саны айтарлықтай өскенін атап өтті.
"Бұл – жыл сайынғы жүйелі жұмыс. Онда ешқандай іркілістер мен кемшіліктер болмауы тиіс еді. Біз алдын-ала болжау жүйесінің жұмыс істемейтініне көз жеткіздік. Бұған дейін жабдықтардың техникалық жай-күйіне уақытылы, кешенді және объективті бағалау жүргізілген жоқ. Жылу электр орталықтарының басшылығы мен иелерінің жауапкершілігі төмен. Уәкілетті мемлекеттік органдардың нұсқаулықтары тек қана ұсыныс деңгейінде болды, меншік иелерін оларды толықтай орындауға міндеттемейді. Сондықтан,қордаланып қалған мұндай проблемалар өте көп. Олардың басым бөлігі жылу желілерінің тозуына қатысты", – деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы осыған байланысты министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌡 Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде қатты ыстық болатынын ескертті
-
283
-
0
-
6
-
-
2📵ІІМ: Антифрод-жүйенің арқасында алаяқтардың 34 млн қоңырауы бұғатталды
-
259
-
0
-
7
-
-
3👶 Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады
-
256
-
0
-
6
-
-
4⚽️ Қазақстандық клубтар футболдан еурокубок ойындарын қай кезеңнен бастайды
-
259
-
0
-
4
-
-
5✈️ FlyArystan Астанада Бішкекке 10 маусымнан бастап қайта қатынайды
-
250
-
0
-
2
-
-
6🛍 "Алтын орда" базары қашан заң аясында жұмыс істей бастайды?
-
244
-
0
-
1
-
-
7🎬 "Мультфильм киноның тасасында қалып қойған". Депутат балаларға арналған отандық анимацияны көбейтуді ұсынды
-
249
-
0
-
3
-
-
8🏠 Ұлытау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
-
245
-
0
-
2
-
-
9🦅 "Басшылар құрғақшылықты қолдан жасап отыр". Қызылордалық шаруалардың егін алқабы құстарға жем болып жатыр
-
249
-
0
-
3
-
-
10🎓 Маңғыстау облысының ауылында бір мектепті екі оқушы ғана бітірді
-
257
-
0
-
5
-