Президент Әлібек Қуантыровты экология және табиғи ресурстар министрі етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Ол бұл қызметте Ерлан Нысанбаевтың орнын басты.
Әлібек Қуантыров 1983 жылғы 14 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Томск мемлекеттік университетін "Қаржы және несие" және "Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация" мамандықтары бойынша бітірген. 2010 жылы Мичиган университетінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша қолданбалы экономика магистрі дәрежесін алды.
Ағылшын, испан және неміс тілдерін меңгерген.
Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметін жалғастырады