Новости спорта

Алғашқы жарна – 0 теңге: Жеңілдетілген автонесие шарттары айқындалды

Автонесиелендіру бағдарламасына 100 млрд теңге бөлініп отыр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр автокөлік сатып алуға арналған жеңілдетілген несиенің шарттарын атады. Оның айтуынша, автокөлікті жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасына 100 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. 

"Жеңілдетілген несиенің шарттары келесідегідей болады: несие жылына 4%-бен беріледі, бірақ алғашқы салымды төлеудің қажеті жоқ. Қазір де автокөлік несиесі жылына 4%-бен берілсе де, жүргізуші алғашқы жарна ретінде көлік бағасының 20 пайызын төлейтін еді. Ал жалпы несие жеті жылға берілетін. Осылайша біздің 71 мың азаматымыз жаңа көлікті тиімді бағада сатып ала алады", – деді Скляр. 

Еске салсақ, көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына жаңа утиль алым мөлшерлемесі белгіленгені туралы хабарлаған едік. Утиль алымының мөлшерлемесі 50% төмендейді.


Оқи отырыңыз: 


 

Informburo.kz арнайы хабарларын YouTube желісінде көріңіз.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары