USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Әлемдік әуе тасымалы: ақпанда жолаушылар мен жүк сұранысы айтарлықтай өсті

Фото: ІАТА
Фото: ІАТА
Дегенмен, Таяу Шығыста геосаяси жағдайларға байланысты өсім баяулаған.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) 2026 жылдың ақпан айындағы әлемдік әуе тасымалы нарығының қорытындысын жариялады. Есепке сәйкес, жолаушылар мен жүк тасымалы сегментінде де тұрақты өсім байқалған.

Жолаушылар тасымалы тұрақты өсуде

IATA деректеріне сәйкес, ақпан айында жолаушыларға деген жалпы сұраныс (RPK) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға артқан. Халықаралық бағыттарда өсім 5,9%-ды, ал ішкі нарықта 6,3%-ды құрады.

Сонымен қатар, әуе компанияларының өткізу қабілеті 5,6%-ға ұлғайып, жүктеме коэффициенті 81,4%-ға жетті. Бұл көрсеткіш ақпан айы үшін рекордтық деңгей саналады. Сарапшылардың бағалауынша, нарық теңгерімді дамып келеді: сұраныс пен ұсыныс көрсеткіштері бір-біріне жақын. Ең жоғары өсім Латын Америкасы мен Азия-Тынық мұхиты өңірінде тіркелген. Ал Таяу Шығыста геосаяси факторларға байланысты өсім қарқыны баяулаған. Халықаралық бағыттар арасында Еуропа – Азия (+14%) бағыты ерекше көзге түсті. Әсіресе Азиядан Испания мен Италияға бағытталған рейстерге сұраныс артқан.

IATA бас директоры Уилли Уолштың айтуынша, жолаушылар сұранысының 6,1%-ға өсуі нарықтың негізгі драйверлері әлі де мықты екенін көрсетеді.

"Алайда Таяу Шығыстағы жағдай белгісіздік тудырып отыр. Отын бағасының өсуі салаға қысым түсіріп, тарифтердің қымбаттауына және маршруттық желілердің қайта қаралуына әкелуі мүмкін", – деді ол.

Жүк тасымалы сегменті де қарқын алды

Есепке сәйкес, ақпан айында жүк тасымалына сұраныс (CTK) 11,2%-ға өсті. Халықаралық сегментте өсім 11,6%-ды құрады. Өткізу қабілеті 8,5%-ға артса, жүктеме коэффициенті 46,0%-ға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Барлық өңірлерде оң динамика байқалған. Ең жоғары өсім Африкада (+21,0%), Таяу Шығыста (+16,5%) және Азия-Тынық мұхиты аймағында (+13,6%) тіркелді. Негізгі сауда бағыттарының барлығында өсім сақталған. Әсіресе Таяу Шығыс – Азия (+24,0%) және Еуропа – Азия (+13,1%) бағыттары көш бастап тұр.

Уилли Уолштың айтуынша, жүк тасымалы сегменті де сенімді өсім көрсеткенімен, геосаяси тәуекелдер салаға әсер етуі мүмкін.

"Таяу Шығыстағы қақтығыстар нарықтың болашағына қатысты белгісіздікті арттырып отыр. Сонымен қатар отын бағасының өсуі, оның тапшылығы және ірі хабтардағы іркілістер әуе тасымалы саласына қосымша қысым түсіруде", – деді IATA басшысы.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі өсімге қарамастан, жаһандық авиация нарығы геосаяси жағдай мен шығындардың артуы секілді факторларға тәуелді болып қала береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз