Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті
Ол жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медаль саны бойынша ұлттық құрама рекордын жаңартты.

Қазақстандық велошабандоз тасжолдағы велоспорттан топтық жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының көшбасшысы үшін Азия ойындарындағы алтыншы чемпиондық атақ болды. Осылайша, Луценко жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медаль саны бойынша ұлттық құрама рекордын жаңартты. 

  • Инчхон-2014 – жекелей жарыс;
  • Джакарта-2018 – топтық жарыс; 
  • Джакарта-2018 – жекелей жарыс; 
  • Ханчжоу-2022 – топтық жарыс;
  • Ханчжоу-2022 – жекелей жарыс; 
  • Аичи-Нагоя-2026 – жекелей жарыс; 
  • Аичи-Нагоя-2026 – топтық жарыс.

Топтық жарыстағы жеңісінен кейін Луценко жазғы Азия ойындарында алты алтын медаль жеңіп алған Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау