Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
22 жастағы спортшы аралас жекпе-жектің (ММА) modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтынын алған екінші қазақстандық атанды.
Бұған дейін қазақстандық ММА шебері Еркінғали Бүркіталин XX жазғы Азия ойындарында чемпион атанған еді.
Қадырбек Шынбаев 2026 жылдың қаңтарында ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанған. Құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерін жеңді.