Қазақстандық ММА шебері Санжар Әділов Азия ойындарының қола жүлдегері болды

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
Санжар Әділов Қазақстанға қола медаль әкелді.

Қазақстандық ММА шебері Санжар Әділов Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Санжар Әділов 65 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғады. Жартылай финалда ол Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен кездесті.

Тартысты жекпе-жек Раджабовтың пайдасына аяқталып, қазақстандық спортшы финалға шыға алмады. Осылайша, Әділов жарысты қола медальмен аяқтады. Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

Айта кетейік, Айти-Нагоядағы Азия ойындары Жапонияда өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде төрт алтын және екі қола медаль жеңіп алған еді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау