Қазақстанда дрон ұшыру тәртібі айқындалды.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын" әзірледі, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
"Соңғы уақытта әлемде ұшқышсыз авиация нарығы қарқынды дамуда. Кейбір жағдайларда пилотсыз ұшу аппараттары қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан әуе кемелерінің ұшуы кезінде бірқатар қолайсыздық тудыруда. Бұл өз кезегінде оқыс оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін. Осыған орай, еліміздің әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігі саласындағы техникалық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыратын ИИДМ азаматтық авиация комитетінің "Қазақстанның авициялық әкімшілігі" "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын" әзірледі", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Көлік жүргізушісі қандай жол ережелерін бұзса, куәлігінен айырылады?
Ұшуға тыйым салынған, қауіпті және ұшуға шектеу қойылған аймақтар:
- ұшу және қону уақытында кез келген адам (ПҰА басқаратын адамды қоспағанда), көлік құралы, ғимарат немесе құрылыстан көлденеңнен 50 метрден жақын пайдаланылмауы тиіс;
- барлық жағдайда адам көп жиналатын жерден және көлік құралдарынан көлденеңнен 150 метр жақын пайдаланылмауы тиіс;
- ұшу кезінде кез келген адам (ПҰА басқаратын адамды қоспағанда), көлік құралы, ғимарат немесе құрылыстан көлденеңнен 100 метрден жақын пайдаланылмауы тиіс.
"Ашық" санатындағы ұшулар келесі ережелер сақталған кезде рұқсат алуды талап етпейді:
- ұшу биіктігі 50 метрден аспайды;
- ұшулар қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарынан тыс орындалады;
- әуежайға 5,5 км жақын емес;
- жүк пен материал тасымайды.
Осы ережелерді бұзған азаматтар 10 АЕК-тен бастап айыппұл төлейді.
Айыппұлдарға әкеп соғады:
- қызметті ұшу жоспарын ұсынбай және (немесе) ұшуға рұқсатсыз және (немесе) әуе кемелерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметті жүзеге асырса;
- тыйым салынған аймақ пен шектеу аймағы аумағының үстінен Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің рұқсатынсыз әуе кемесінің ұшып өтуі.
- азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда есепте тұрмайтын ПҰА басқармасы;
- азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда есепте тұрмаған ПҰА-тарын ұшуға жіберу.
Ал рұқсат алу тәртібі келесі суреттерде көрсетілген:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
282
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
246
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
258
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
248
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
252
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
213
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
202
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
205
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
203
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
213
-
0
-
0
-