Тікелей эфир

Әйелдер вагоны тағы үш бағыттағы пойыздарға қосылады

Бұл вагонда жеті жасқа дейінгі ұлдар мен әйелдер ғана болады.

Елімізде тағы үш бағыттағы пойызда әйелдер вагоны іске қосылады. Бұл туралы брифингте "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылдан бері жобаға айтылған оң пікірлер көп.

"Жолаушылардан бұл жобаны кеңейту туралы ұсыныс көп болды. Біз осы жазда пилоттық режимде жобаны кеңейтуді шештік. Әйелдер вагоны бұған дейін Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана бағыттарындағы пойызда болған еді. Биыл жазда үш бағытта, Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Ақтөбе бағыттарындағы пойыздарға әйелдер вагоны қосылады", – деді Жәнібек Тайжанов.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы Астанадан Алакөлге Тальго пойызымен қатынауға болады


"Жолаушылар тасымалы" мекемесінің басшысы әйелдер вагондары бұл бағыттағы қарапайым пойыздарда да, "Тальгода" да болатынын атап өтті. Бұл вагондарда әйелдерге жеті жасқа дейінгі ұл балаларды өзімен алып кіруге рұқсат етіледі.

Биылғы жазда "Қазақстан темір жолы" барлығы 4,5 миллион жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Туристік маусымда Алакөлге Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт қатынайтын болады.

Сондай-ақ, Елордадан "Астана – Достық" бағыты бойынша алғаш рет жайлы "Тальго" пойызы жолға шықпақ. Пойыз аптасына екі рет қатынайтын болады.


 

Серіктестер жаңалықтары