Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Айдарбек Сапаровты ауыл шаруашылығы министрі қызметіне қайта тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Айдарбек Сапаров 2023 жылғы қыркүйекте Ербол Қарашөкеевтің орнына Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысын басқарған, Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Оқи отырыңыз:
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметін жалғастырады
Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды