Айбек Смадияров президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Айбек Смадияров. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Айбек Смадияров. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Бұл қызметті оған дейін Руслан Желдібай атқарып келді.

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды.

Еске салайық, Айбек Смадияров 2025 жылғы 15 желтоқсанда Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалса, оған дейін ұзақ жыл Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарды. 

Серіктестер жаңалықтары