2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақ тілі курсынан 51 356 адам өткен.
2022 жылы Қазақстанда тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысына сәйкес халықтың 92%-ы мемлекеттік тілді меңгергені анықталды.
Оның ішінде:
- 59,5%-ы – қазақ тілін жақсы меңгерген;
- 20,5%-ы – қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқиды, бірақ нашар жазады;
- 5,4%-ы –түсінеді және түсіндіре алады;
- 7,4%-ы жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақ тілі курсынан 51 356 адам өткен. Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әрқайсында 5 мыңнан астам адам оқыған. Маңғыстау облысында тілдер оқытылмады.
Оқи отырыңыз: Үштілділік саясаты мен жаһандану. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға не кедергі?
Орталық мемлекеттік органдарда 1701 адам қазақ тілі курсын оқыды. Оның ішінде:
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 1324;
- Қорғаныс министрлігі – 210;
- Мемлекеттік қызмет істері агенттігі – 76;
- Әділет министрлігі – 27;
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 20;
- Төтенше жағдайлар министрлігі – 20;
- Ұлттық экономика министрлігі – 12;
- Бас прокуратура – 12.
Эномәдени бірлестіктерде 1072 адам қазақ тілі курсын оқыды.
Зерттеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша конкурс арқылы анықталған NEWGROUP.kz ЖШС жүргізді. Зерттеуге барлық өңірден 18 жастан жоғары 2 мың азамат, денсаулық сақтау саласының 700 өкілі қатысты.
Оқи отырыңыз: 2023-2024 оқу жылынан бастап 5-8, 10 сынып оқушылары "Қазақ тілінен" міндетті емтихан тапсырады
Еске сала кетсек, Қазақстанда тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып келеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-