USD: 468.7 / 471.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Абай облысындағы өрт: ТЖМ өртті 20 маусымға дейін өшіруді жоспарлап отыр

Вице-министр өртті сөндіруге тағы төрт-бес күн керек екенін айтты. 

Абай облысындағы ауқымды өрт бес күн ішінде өшірілуі мүмкін. Бұл туралы ТЖ министрінің орынбасары Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, министрлікте өртті сөндіруге арналған су шашатын құрылғысы бар 33 тікұшақ бар. Дегенмен олардың 16-сы ғана өртті сөндіре алады. Қалғаны іздеу және барлау жұмыстарына қолданылады. 

"Бірақ олардың бәрі дер кезінде босай бермейді, өйткені жоспар бойынша қандай да бір жұмыстар жүріп отырады. Сондықтан олардың жартысы жөнделіп жатады. Ұшақ жоқ, оған ақша сұраған едік, ол қарастырылмады. Сондықтан әзірге ұшақ сатып алмадық. Жақына арада (өртті сөндіреміз. – авт.), шамамен төрт-бес күннен кейін", – деді Ибрагим Күлшімбаев сенат кулуарында. 

Абай облысында 8 маусымда өрт тұтанды. Ол 60 мың гектарды шарпыды. Өрттен «Семей орманы» резерватының 14 қызметкері және тағы бір адам қайтыс болды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау