Тікелей эфир

Абай облысындағы өрттен қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері үш қалаға тегін ұша алады

Яғни, Семейден Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері бағытта тегін жүру мүмкіндігі берілді.

Абай облысындағы өрттен қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері жыл соңына дейін ұшақпен тегін қатынай алады Бұл туралы "Самұрық-Қазына" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Семейден Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері бағытта тегін жүру мүмкіндігі берілді.

"Қаза болғандардың отбасы мүшелеріне Семейден Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері бағытта 2023 жылдың соңына дейін тегін жүру мүмкіндігі берілді. Ал орманды сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілерге біржолғы тегін ұшулар ұсынылып отыр",– делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары