Тікелей эфир

"Орманды ағашын сату үшін өртейтіндер бар". Прокурор Абай облысындағы өрттің бірнеше себебін атады

Жандос Өміралиев мамыр айында сот "Семей орманы" қорығының бұрынғы басшыларына қатысты үкім шығарғанын еске салды.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев Абай ауданындағы орман өртіне қатысты тергеуде қаралып жатқан нұсқаларды атады.

"Бірінші нұсқа – орман қорын сату мақсатында өрт қою. Бұл ешкімге құпия емес. Екінші нұсқа – отқа абайсыз қарау, бұл адами фактор. Ал, үшінші нұсқа ретінде табиғи сипатты жоққа шығара алмаймыз. Осы үш нұсқа да қаралады. Олардың ешқайсысын жоққа шығармаймыз", – деді ол.

Жандос Өміралиев мамыр айында сот "Семей орманы" қорығының бұрынғы басшыларына қатысты үкім шығарғанын еске салды. Ұйым директоры мен оның орынбасары пара алып, ағашты заңсыз сатқан. Олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сонымен қатар бұл сұр схемаға пара беріп, орман өнімдерін сатқан тағы үш кәсіпкер қатысқан. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп қорытындылады Бас прокурордың орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары