USD: 479.1 / 481.7
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Абай облысындағы өрт: Тоқаев қаза тапқан орманшылардың отбасымен кездесуге келді

Сонымен қатар президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорда

Сапар барысында президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысып, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді.

Сонымен қатар өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі.


Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қазір облыстағы 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған төтенше жағдайлар министрлігі, орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар және қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 000 жуық тонна су ағызылды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау