Барлығы қауіпсіз жерлерге орналастырылды.
Абай облысы білім басқарамасының ақпараты бойынша, орын алған төтенше жағдайдың себебінен Семей қаласына Озерск ауылдық округінің үш елді мекенінен 50-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың ішінде 1 мен 14 жас аралығындағы 13 бала бар. Барлығы қауіпсіз жерлерге орналастырылды, деп хабарлады балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
Балалар мен ата-аналар жатаханалар мен колледж ғимараттарына орналастырылып, барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етілді. Оларға кәсіби психологтардың көмегі, сонымен қатар кинотеатрлар мен биологиялық орталықта әртүрлі көңіл көтеретін шаралар ұйымдастырылды.
Комитеттің хабарлауынша, төтенше жағдайдан жетім және ата-анасыз қалған балалар ұйымдары, жазғы демалыс орындары зардап шеккен жоқ. Олар барлық қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген.
"Абай облысының білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері және өңірдегі балалар құқықтары жөніндегі өкілі тәулік бойы кезекшілікте. Оқиға орнында Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілі де болған. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өңірмен байланыста, балалардың жағдайы бақылауда. Комитет тарапынан барлық қажетті қолдау, көмектер одан әрі ұйымдастырылатын болады", – деп жазылған ақпаратта.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
249
-
0
-
3
-
-
2Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
254
-
0
-
2
-
-
3🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
264
-
0
-
9
-
-
4🔥⛽️ Петропавлда жанармай құю бекеті өртенді
-
259
-
0
-
4
-
-
5Қайтыс болған азаматты жерлеуге мемлекет қандай көмек береді?
-
256
-
0
-
4
-
-
6😱Қарағандыда тұрғындар жаппай жылытқыш қосып, қала жарықсыз қалды
-
255
-
0
-
6
-
-
7Алматы облысында тұрғындардың
-
243
-
0
-
1
-
-
8👀Батыс Қазақстан облысындағы Сұлусай ауылы таратылуы мүмкін
-
230
-
0
-
1
-
-
9💬Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитеті Қарағанды маңындағы ұшақ апатының ықтимал себептерін атады
-
250
-
0
-
4
-
-
10Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады
-
240
-
0
-
2
-