Абай облысының Аягөз ауданында боранды түнде мал іздеуге шыққан екі ер адам жолынан адасып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Оқиға түнгі уақытта тіркелген. 1985 және 1964 жылы туған азаматтар автокөлікпен мал іздеуге шығып, кейін байланысқа шықпай қалған. Осыған байланысты Аягөз ауданында ТЖД-нің жедел-құтқару жасағы, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылып, іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді.
Іздеу тобы жоғалған азаматтарды Аягөз қаласынан шамамен 70 шақырым қашықтықта тауып алды. Құтқарылған ер адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.
"Дала жолымен келе жатқан кезде олардың көлігі қарға батып қалған. Содан кейін олар көлікті тастап, жаяу жүріп, жақын маңдағы қараусыз қалған шаруа қожалығының үйіне жеткен. Ұялы байланыс болмағандықтан, олармен байланыс орнату мүмкін болмаған", – делінген хабарламада.
lw-3094948329-1
USD:
511.1 / 513.7
EUR:
600.0 / 604.5
RUB:
6.43 / 6.55