USD: 470.1 / 472.7
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

87 мың теңге: Алматыдан Сианьға тікелей әуе рейсі ашылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алғашқы рейс 30 маусымға жоспарланған.

Отандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы Алматыдан Қытайдың Сиань қаласына тікелей әуе рейсін ашатынын хабарлады. Билет құны 87 мың теңгеден басталады. 

Маршрут бойынша алғашқы рейс 30 маусымға жоспарланған. Ұшулар аптасына 2 рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады. Алматыдан әуе кемесі сағат 21:25-те ұшатын болса, Сианьға келесі күні жергілікті уақытпен 04:50-де қонады. 

Кері рейс сәрсенбі және сенбі күндері орындалып, Алматыға 08:20-да келіп қонады. 

Компания президенті Йохан Эйдхаген бұл рейсті Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам деп атады. 

Айта кетейік, Сиань – Қытайдың ең көне қалаларының бірі және бірнеше қытайлық әулеттердің бұрынғы астанасы. Қала Ұлы Жібек жолының бастау нүктесі ретінде белгілі және бүгінгі таңда елдің ірі мәдени, білім беру және өнеркәсіптік орталықтарының бірі саналады. Негізгі көрікті орындардың қатарында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген әйгілі Терракот әскерін атап өтуге болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау