Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2026 жылғы 1 наурыздан бастап тегін қолжүк нормасын ұлғайтатынын хабарлады.
Осы күннен бастап әуекомпания жолаушылары бұрынғы 5 кг орнына салмағы 7 кг-ға дейінгі қолжүкті тегін алып жүре алады. Қолжүктің өлшемдері өзгеріссіз қалады — 56×23×36 см.
Әуекомпанияның мәліметінше, бұл шешім жолаушылар сұранысының құрылымын, операциялық үдерістерді және әуе тасымалдаушылар нарығындағы тәжірибені ескерген кешенді бизнес-талдау нәтижесінде қабылданған.
Жаңа ережелер 2026 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді және осы күннен кейін орындалатын рейстерге рәсімделген барлық әуебилеттерге, оларды сатып алу уақытына қарамастан, қолданылады. Ал 2026 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда) орындалатын рейстерде бұрынғы талап сақталады — бір жолаушыға 5 кг-ға дейінгі қолжүк.
Оқи отырыңыз: FlyArystan ұшағы Атырау әуежайында жолақтан шығып кетті: оқиғаға байланысты тексеру басталды
Сонымен қатар FlyArystan "біртұтас қолжүк" қағидатын сақтайтынын атап өтті: жолаушы белгіленген салмақ пен өлшем талаптарына сай бір ғана қолжүк алып жүре алады.
Әуекомпанияның 2024–2025 жылдардағы деректеріне сәйкес, FlyArystan жолаушыларының шамамен 75 пайызы сапарға тек ең аз көлемдегі қолжүкпен шыққан.
FlyArystan лоукостер үлгісінің негізгі қағидаттары өзгеріссіз қалатынын атап өтеді: жолаушылар қосымша қызметтерді өз қалауы бойынша таңдап, әуе сапарының құнын жеке қажеттіліктеріне қарай қалыптастырады.
USD:
497.1 / 500.1
EUR:
588.0 / 592.0
RUB:
6.43 / 6.55