Тікелей эфир

7 жасқа дейінгі балаларға арналған ертегілер байқауы жарияланды

Шығарма қазақ тілінде жазылуы тиіс.

Steppe and World баспа үйі Қазақстандағы БҰҰ-мен бірлесе отырып "Шұғылалы әңгімелер" ертегілер байқауын жариялады, деп хабарлады баспаның директоры Раиса Сайран Қадыр.

Ертегілердің сюжеті:

  • Қыздар мен ұлдар үшін қазіргі заманға лайық модельдер, қыздар мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, STEM мамандықтарға қыздарды араластыру, гендерлік зорлық-зомбылыққа және негатив гендердік стереотиптерге қарсы әрекет;
  • Бейбітшілік пен достық, жаһандық мәдениеттер мен этностар арасындағы қатынас, мәжбүрлі қоныс аудару, баспана беру және іздеу, тең құқық пен азаматтықтың маңызы;
  • Белсенді әке болу және отбасы міндеттерін тең атқару, моно ата-аналар мен осал топтарды қолдау, инклюзив қоғам;
  • Экология мен қоршаған ортаға қамқорлық тақырыбында болуы тиіс.
  • Сонымен қатар дәстүрлі ертегілердің элементін қазіргі заманға бейімдеп қолдануға рұқсат етіледі.

Ертегі 7 жасқа толмаған балаларға арналуға тиіс. Көлемі 800-1000 сөз болуы қажет. Қазақ тілінде болуы міндетті.


Оқи отырыңыз: "Қазақ ертегілері де қорқынышты ғой". Вице-министр Nickelodeоn-ды қазақша сөйлету туралы пікір білдірді


Редакторлар үздік ертелігерді іріктеп, Қазақстандағы БҰҰ қолдауымен ертегілер жинағын шығарады. Үздік авторлармен авторлық құқық бойынша келісім-шарт жасалып, сыйақы төленеді.

Өтінімдер 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін info@steppeandworld.com поштасына қабылданады. Оны "Автордың аты-жөні – Ертегілер байқауы" деген тақырыппен жіберу қажет.

Серіктестер жаңалықтары