60 мың теңге: Жамбыл облысында ауруханада жанжал шығарған әйелге айыппұл салынды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Сот айыппұлды 30%-ға азайтты.

Жамбыл облысының Құлан ауылындағы орталық аудандық ауруханада қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге 60 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық сот хабарлады.

Ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Т. Рысқұлов аудандық соты қараған.

Сот мәліметінше, 2026 жылғы тамызда сағат 15:30 шамасында Құлан ауылындағы орталық аудандық ауруханада азаматша С. жәбірленушіге дөрекі және балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Оның әрекеті науқастар мен ауруханаға келген адамдардың тыныштығына кедергі келтірген.

"Құқық бұзушы кінәсін ішінара мойындады. Ол жанжал кезінде дөрекі сөйлегенін, алайда әдепсіз сөздер қолданбағанын айтқан. Сот әйелдің кәмелетке толмаған балалары барын, материалдық жағдайын және істі ауырлататын мән-жайлардың болмағанын ескерді. Осыған байланысты айыппұл мөлшері 30%-ға қысқартылды. Сот қаулысымен әйел кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды", – делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау