Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісіндегі құқыққа қайшы тікелей эфирді анықтады. Бұл туралы ПД хабарлады.
Эфир барысында әйел адам балағат сөздер айтып, қорлайтын ым-ишаралар көрсеткен. Полиция оның Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны Береке Нагиева екенін анықтады. Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушыға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Ведомство әлеуметтік желілердің де қоғамдық кеңістік саналатынын атап өтті.
"Полиция әлеуметтік желілердің қоғамдық кеңістікке жататынын еске салады. Жарияланған контент пайдаланушыларды құқыққа қайшы әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершіліктен босатпайды. Балағат сөздер, қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады", – делінген хабарламада.