60 млн теңге: Таразда тұрғын үйді жөндеуге бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тараз прокуратурасы 60 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактісін анықтады. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды.

Қалалық прокуратура ЖШС қызметін тексеру барысында көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған төртжақты келісімшартта тұрғындардың қолтаңбаларының қолдан жасалғанын анықтады.

"Қолданыстағы заңнама бойынша, кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мердігер ұйымды таңдау үй кеңесінің құзыретіне жатады. Алайда бұл жағдайда тұрғындарға мердігерді таңдауға мүмкіндік берілмей, олардың қолтаңбалары қолдан жасалған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар серіктестік қызметін тексеру нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бөлінген 59 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді", – делінген хабарламада.

Аталған қылмыстық істі тергеу Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары