Монеталар Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.
Қазақстан ұлттық банкі 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап интернет-дүкен жұмысы қайта жанданып, "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясынан "Барыс жылы" коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлады.
Номиналы 500 теңгелік күміс монеталар www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.
"Монеталардың аверсінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символы мен монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген", – делінген банк хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк Роза Бағланованың суреті бар монета шығарды
Монеталардың реверсінде орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жылдың символы – барыс бейнесі бейнеленіп, айналдыра "2022", "ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ", "ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ" және "ORIENTAL CALENDAR" жазуы бар. Ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.
Еске салсақ, "Тілашар" коллекциялық монеталарының айналымға шығатыны туралы хабарлаған едік. Монеталар номиналы 500 теңгелік күмістен, 100 теңгелік мельхиордан және 100 теңгелік нейзильберден жасалған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
366
-
0
-
1
-
-
2👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
335
-
0
-
0
-
-
3🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
310
-
0
-
0
-
-
4☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
324
-
0
-
0
-
-
5👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
294
-
0
-
0
-
-
6🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
285
-
1
-
2
-
-
7🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
289
-
0
-
0
-
-
8🦛🦒 Қазақстанда қандай жануарларды спорт жарыстарына қатыстыруға болады?
-
286
-
0
-
0
-
-
9🔠 Түркі елдеріне ортақ әліпби: Қазақстан ғалымдары бұған не дейді?
-
278
-
0
-
3
-
-
10📝 Тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдаған Торанғалық ауылы таратылмақ
-
304
-
0
-
0
-