Монеталар номиналы 500 теңгелік күмістен, 100 теңгелік мельхиордан және 100 теңгелік нейзильберден жасалған.
Қазақстан Ұлттық Банкі TILASHAR коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған монеталар "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" сериясын жалғастырады.
"Тілашар" – әр отбасының өміріндегі ерекше оқиға. Бұрын әдет-ғұрып бала алғашқы сөздерін айтқаннан кейін жасалған. Бүгінгі таңда дәстүр білім алу жолындағы алғашқы қадамды білдіреді.
Монеталардың басты бетінінің (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында ҚР мемлекеттік елтаңбасы, айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазуы, төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін жазу орналасқан.
Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) мектеп атрибуты элементтері бар балалар суреттерінің бейнелері, монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін, соғылған жылы көрсетілген жазу орналасқан.
Оқи отырыңыз: Алтынмен жалатылған "Өмір шежіресі" коллекциялық монеталары айналымға шықты
Күмістен, мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет жағы мен сырт жағының бейнелері бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған. Мельхиордан жасалған монеталарда интерференциялық құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған.
Монеталар:
- 925/1000 сынамды күмістен, массасы – 24 грамм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, дайындау таралымы – 5 000 дана;
- МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы 30 000 дана;
- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 100 000 дана.
Бұл монеталардың барлығы олардың белгіленген құны бойынша ҚР бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және ҚР барлық банкінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылданады.
Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық банктің нөмірлік сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған. Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-