Тікелей эфир

365 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. ҰБТ-ның алты аптасы қалай өтті?

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 267 мың ретке жуық тест тапсырылды.

Елімізде негізгі ҰБТ-ның алтыншы аптасы аяқталды. ҰБТ басталғаннан бері 267 мың ретке жуық тест тапсырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Тестті талапкерлердің 76 пайызы қазақ тілінде, 24% пайызы орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тапсырды. Шекті балды тапсырғандардың 79 пайызы жинады. Орташа – 70 балл. Ең жоғары балл – 137. Тестке  719 рет ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатысты", – делінген хабарламада.

Орталықтың мәліметінше, тыйым салынған заттарды алып өтпекші болған 365 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 273 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін тестілеудің бейнежазбалары талданады. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталса, талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары