USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

31 наурызға арналған ауа райы: елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.

31 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, тұрақты ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Алайда Батыс Қазақстан және оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі.

Синоптиктер республика бойынша бірқатар қолайсыз құбылыстарды да болжады. Батыс аймақтарда тұман түссе, оңтүстік пен орталық өңірлерде жел күшейеді. Ал оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болуы ықтимал.

Өрт қаупі де жоғары деңгейде сақталады. Атап айтқанда, Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде және Жетісу облысы аумағында құрғақ әрі желді ауа райы өрт шығу қаупін арттыруы мүмкін.

Мамандар тұрғындарды ауа райындағы өзгерістерді ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз