31 мамырдан бастап Атырау мен Баку арасында тікелей ұшақ рейсі қосылады

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Рейс аптасына үш рет жоспарланған.

31 мамырдан бастап Air Astana Атырау–Баку бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді іске қосады. Оған аптасына үш рет Airbus A320/A321 ұшақтары қарастырылған, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Атыраудан Баку қаласына ұшу уақыты – 1 сағат 25 минут, ал кері бағытта – 1 сағат 35 минут. 

Атыраудан дүйсенбі мен сенбі күндері 18:30-да, сәрсенбі күні 21:35-те ұшады. Бакуге сәйкесінше 18:55 және 22:00-де қонады.

Кері бағыттағы Бакуден дүйсенбі мен сенбі күндері жергілікті уақыт бойыша 19:55-те, сәрсенбі күні 23:00-де ұшып, Атырауға тиісінше 22:30 және келесі күні 01:35-те жетеді.

Билеттерді airastana.com сайтынан, мобильді қосымша немесе туристік агенттіктер арқылы алуға болады. Бағасы – эконом-класста 96 527 теңгеден, бизнес-класста 278 681 теңгеден басталады (барлық салықтар мен алымдармен бірге).

Бұл бағыт жаз мезгілінде аптасына үш рет орындалатын Алматы–Баку рейстерін толықтырып, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қатынасты кеңейтеді. Қазақстан азаматтары Әзербайжанда 30 күнге дейін визасыз жүре алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз