Тікелей эфир

3 жылда 2,5 мыңға жуық балаға қатысты жыныстық қылмыс жасалған. Қай өңірлер көш бастап тұр?

Қазақстанда соңғы 3 жыл ішінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы 2 472 қылмыс жасалған.

Қазақстанда балалар саны – 6,7 миллион болса, оның ішінде 3,7 миллионнан астамы оқушы, 2,5 миллионнан астамы мектеп жасына дейінгі балалар, 400 мыңнан астамы – ТжКБ ұйымдарының білім алушылары. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспардың жобасында жазылған.

"Бүгінде бала өмірінің көптеген салаларында балаларға қатысты зорлық-зомбылық, агрессия және қатыгездік болып жатыр. Балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар санының көрсеткіші тұрақты түрде жоғары болып қалуда. 2023 жылдың 6 айында өңірлер бойынша балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп саны Алматы (115), Түркістан (114) облыстары мен Алматы (106) қаласында", – деп жазылған кешенді жоспар жобасында.

Сонымен қатар, 2022 жылы 719 кәмелетке толмағандар жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың құрбаны болды.2023 жылдың 6 айында жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты қылмыстардың ең көп саны Алматы (51), Түркістан (43) және Қарағанды (36) облыстарында. Соңғы 3 жыл ішінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы 2 472 қылмыс жасалды.


Оқи отырыңыз: "Мектеп директорлары үндемей қалуға бейім". Бала құқығын кім және қалай қорғап жатыр?


 

Серіктестер жаңалықтары