290 млн теңге салықтан жалтарған күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Видео скрині
Видео скрині
Күдікті Ресейде ұсталып, елге жеткізілді.

Қазақстан азаматы 290 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарып, Ресейге қашып кеткен. Бас прокуратураның сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланды.

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болғаны анықталған.

"Ол кірістер декларациясына бұрмаланған мәліметтер енгізу арқылы 290 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған деген күдікке ілінген. Қылмыстан кейін күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынған. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған. Биыл қаңтарда күдікті Краснодар қаласында ұсталған. Кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Бас прокуратураның хабарлауынша, күдіктіге тағылған қылмыс бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау