2026 жылдың соңына дейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Boeing 787 Dreamliner Қазақстанға жеткізіледі.

2026 жылдың соңына дейін Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев авиация, қорғаныс және ғарыш техникасын өндіретін Boeing корпорациясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккимен кездесті. Кездесу барысында бірқатар стратегиялық уағдаластықтарға қол жеткізілген.

Президент отандық әуе компаниялары – Air Astana, SCAT және Vietjet Qazaqstan – еліміздің авиация саласын дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу жөніндегі келісімге қол қойылғанын құптады.

Кездесу барысында белгілі болғандай, жыл соңына дейін Қазақстанға заманауи Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі. Бұл лайнерлер Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз