Тікелей эфир

2025 жылы ЖОО және колледж стипендиясы 2 есе өседі. Президенттік шәкіртақыға кімдер үміт арта алады

Фото: Информбюро
Фото: Информбюро
1 қыркүйектен бастап бакалавр студенттері 52 мың, магистранттар 117 мың теңге стипендия алады.

Жоғары білім және ғылым министрлігі 2025 жылы Қазақстанда стипендиялар мөлшері қалай өзгеретінін таныстырды. 

Министрлік мәліметінше, 2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады. 

Сәйкесінше, 1 қыркүйектен бастап: 

  • бакалавриат студенттерінің стипендиясы 52 372 теңгеге дейін; 
  • педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушылардыкі – 84 000 теңгеге дейін;
  • магистранттардыкі – 117 098 теңгеге дейін; 
  • докторанттардыкі – 262 500 теңгеге дейін өседі.
  • Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленеді.

Оқи отырыңыз: Студент стипендиясы – 20, магистранттыкі 15 пайызға өсті – Үкімет


Ерекше жағдайлар

  • Жоғары немесе кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға бакалавриат студенттеріне – 94 651 теңге, магистранттарға – 204 921 теңге, докторанттарға – 459 375 теңге үстемеақы белгіленді.
  • Жаралану, контузия, ауру салдарынан мүгедектігі бар немесе мертіккен адамдарға бакалавриат студенттеріне – 78 558 теңге, магистранттарға – 175 647 теңге, интерндерге – 142 293 теңге үстемеақы төленеді.
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) жетім балалар қатарындағы адамдарға стипендия 30%-ға көтеріледі, яғни бакалавриат студенттеріне – 68 083 теңге, магистранттарға – 152 227 теңге, интерндерге – 123 320 теңге үстемеақы белгіленді.

Оқи отырыңыз: Студент қалай айына 140 мың теңге шәкіртақы ала алады? Стипендия түрлеріне шолу


Президенттік стипендия

Мемлекеттік стипендиядан басқа, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша 104 744 теңге мөлшерінде тағайындалатын оқуда ерекшеленген студенттерге, олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған Президенттік стипендия бар.

Президенттік стипендияны үшінші оқу жылынан бастап студенттер және екінші оқу жылынан бастап магистранттар ала алады. Мұндай стипендияға бюджеттік негізде оқитын студенттер де, ақылы негізде оқитындар да құқылы.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2025 жылы студенттер ең кемі 52 мың теңге шәкіртақы алады


 

Серіктестер жаңалықтары