Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырып, әлеуметтік салаға көзделіп отырған қаржы көлемін жариялады.
"2025 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстарға 6 триллион теңге сомасында қаржы қарастырылған", – деді ол.
Екінші басымдыққа ие білім беру саласына 2025 жылы 1 триллион теңге бөлінеді.
"Шығыстардың көбеюіне қатысты екі негізгі себепті атап көрсетуге болады. Соның бірі - жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 15-20% өседі. Осылайша, бакалавриат студенттері үшін шәкіртақының орташа мөлшері 52 372 теңге, магистратура үшін - 117 098 теңге болады", – деді ол.