Тікелей эфир

Студент стипендиясы – 20, магистранттыкі 15 пайызға өсті – Үкімет

Педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер бүгінде 75 600 теңге шәкіртақы алады.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында 2020 жылдан бастап елімізде шәкіртақыларды арттыру бойынша дәйекті жұмыстар жүргізілуде, 2025 жылға қарай олар ЖОО студенттері үшін 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе көбейеді деп жоспарлануда, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

2024 жылы Үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шараларына жасалған шолу материалының бір бөлігі студенттердің шәкіртақысын өсіруге арналған. Онда Қазақстанда инновациялық экономика құру және білім деңгейін арттыру мақсатында студенттер, ғалымдар үшін жағдайды жақсарту, ғылыми зерттеулерді дамыту үшін маңызды қадамдар жасалғаны жазылған. Осы шаралардың барлығы елімізді ғылыми-техникалық прогресс көшбасшыларының қатарына қосуға мүмкіндік береді. 

"Білім беру жүйесіндегі ең маңызды қадамдардың бірі студенттерге арналған шәкіртақыны көбейту болды. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында 2020 жылдан бастап елімізде шәкіртақыларды арттыру бойынша дәйекті жұмыстар жүргізілуде, 2025 жылға қарай олар ЖОО студенттері үшін 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе көбейеді деп жоспарлануда", – делінген материалда.

Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер үшін – 75 600 теңгеге дейін ұлғайтылды. Интерндердің стипендиясы енді 85 376 теңгені, ал резиденттердің стипендиясы – 123 122 теңгені құрайды. Магистранттардың стипендиялары 15%-ға, 107 061 теңгеге дейін, ал докторанттар үшін – 240 000 теңгеге дейін көбейді.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары